806 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың  280 жағдайы тіркелді.  Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде  10 адам анықталды. 

Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 11, Индерде - 6,  Исатайда - 2, Махамбет ауданында - 2, Мақатта - 4, Құрманғазыда - 17, Қызылқоғада - 2 адам  анықталды. 

 

Коронавирустық инфекциясы  бар  184 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан  105 адам емделіп шықты. 

Қазір  1080 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 188, 

№2 облыстық ауруханада -150, фтизиопульманологиялық орталықта - 103, кардио орталықта - 108, аудандық инфекциялық стационарларда – 188 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 69 адам емделуде.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.