806 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.   
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 280 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 10 адам анықталды.  
Сондай-ақ, Жылыой ауданында - 11, Индерде - 6, Исатайда - 2, Махамбет ауданында - 2, Мақатта - 4, Құрманғазыда - 17, Қызылқоғада - 2 адам анықталды. 
 
Коронавирустық инфекциясы бар 184 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 105 адам емделіп шықты. 
Қазір 1080 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 188, 
№2 облыстық ауруханада -150, фтизиопульманологиялық орталықта - 103, кардио орталықта - 108, аудандық инфекциялық стационарларда – 188 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 69 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.