Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 15 наурыздағы № ҚР ДСМ -25 бұйрығы бойынша нәрестелер мен ерте шақтағы балаларды неонатальдық скринингілеуді, аудиологиялық скринингілеуді, ерте шақтағы балалардың психофизикалық дамуын скринингілеуді, балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды ерте анықтау мақсатында шала туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингілеуді,бала сырқаттанушылығы мен мүгедектігін төмендету мақсатында №5 Атырау қалалық емханасында балалардың даму бөлмесі бар. Жауапты дәрігер педиатр Асель Максимқызы және жауапты мейірбике Алтын ерте жастағы балаларды қарап тексеріп отырады. Есту және көру қабілетінің нашарлауы, созылмалы аурулардың анықталуы, сондай-ақ кеңірдек пен көмей жолдарының тарылу симптоматикасы бар балалар анықталған кезде учаскелік дәрігер оларды диагнозын анықтап, емделу үшін бейінді мамандарға жібереді. Болашағымыз саналатын балаларымыздың денсаулығына немқұрайлы қарамай, аурудың алдын алу мақсатында уақытылы медициналық тексерістен өткізіп, маман кеңесін алуға шақырамыз!