ӘМСҚ КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі басшысы Каримжанов Алмаз Каримжанұлы, Алмалы ауылдық округі әкімі Г.Аухадиева және Береке ДА дәрігері Кулгазиев С.Д. Береке ауылы тұрғындарымен Әкімшілік ғимаратында кездесу, түсінік жұмыстарын өткізді. Кездесу өткізудің басты мақсаты: Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру жөнінде түсінік жүргізу, тұрғындардың МӘМС жөнінде түсініктерін жетілдіру болды. Тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, сұрақтарына толық қанды жауап алды.
https://gorpol5-atyrau.kz/kz/2022-02-28-09-50-23/novosti-kz/669-ms-kea-atyrau-oblysy-bojynsha-filialyny-khaly-ty-a-parattandyru-zh-ne-tinishterdi-arau-b-limi-basshysy-karimzhanov-almaz-karimzhan-ly.html#sigFreeId1c28b0ab88