Баланың жарақат алуы күрделі салдарларға, кейде өлімге әкеледі. Бала кезінде алған жарақат, ағзаның тұрақты функциялық бұзылуының себептері болып қалады. Осылайша, сынықтар аяқтардың қисаюы мен қысқарып кетуіне әкеліп соғады. Күйіктен қалған тыртықтар, буындарды тартып, олардың қозғалғыштығын шектейді.

Балаларда кішкентай кезінде негізінен тұрмыстық жарақаттар байқалады: құлау, жаралану, күю, улану, өткір, кесетін заттармен жарақаттану, тыныс алу жолдарына құсықтың, әртүрлі ұсақ заттардың түсуі.

Үлкендердің қарамауынан, сәби от (пеш, жылытқыш, сіріңке); электр аспаптары, сілтілер, қышқылдар, қолөнер заттарымен (қайшы, біз, ине, жарқырауық түйме, түйреуіш т.б) байланыста болғанда жарақат алуы мүмкін.

Балалар жарақатының профилактикасында ересектер ерте жастан баланың мінез-құлқы мен даму ерекшелігін үнемі ескеріп отыруы тиіс.

Ересектер баланың жарақатын аяқ астынан болған бақытсыздық жағдай, ешкім кінәлі емес дегенге саяды. Бұл пікір ыңғайлы, олар қалай да ересектерді ақтайды, сөйтіп өздерінен балаға дұрыс қарамау жауапкершілігін алып тастайды. Балалар жарақаты, әсіресе ерте жастағы, көп жағдайда ата-аналардың дұрыс қарамауынан, олардың ұлы немесе қызының физикалық және психофизиологиялық ерекшеліктерін нашар білгендіктерінен болады.

Жарақаттар мен бақытсыздық жағдайлардың себептерін біле тұра, ата-аналар балаларға жарақаттан қауіпсіз орта жасай білуі тиіс.

#сақболыңыз