№5 Атырау қалалық емханасының медицина қызметкерлері, алдын-алу және консультативті-диагностика бөлімінің мамандары қазан айында Береке медициналық пунктінде Азаматтардың әлеуметтік осал санатына қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған “Жанашыр жүрек” атты акция тақырыбында ашық есік күні өткізді.
Бұл акцияны өткізудің негізгі мақсаты - мұқтаж жандарға, қарияларға көмек көрсету арқылы мамандандырылған дәрігерлердің тегін кеңесін ұйымдастыру. Үлкен қарияларға консультативті кеңес беріліп, диагностикалық зерттеулер жүргізілді.Холестерин мен қантқа тексеріп, ақпараттық оқыту материалдары таратылды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстану мақсатында, салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы фельдшер Айнұр А. емханада халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіді.
https://gorpol5-atyrau.kz/kz/2022-02-28-09-50-23/novosti-kz/720-5-atyrau-alaly-emkhanasyny-meditsina-yzmetkerleri.html#sigFreeIdee71ba07b0