Жыл сайын 25 қараша 10 желтоқсан аралығында Республика бойынша «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді әс-қимылдың 16 күні» жаһандық науқан өткізілді. Науқанның басты мақсаты: көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған шаралармен таныстыру.

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні емхана психологы Иманкулова Нурхия Шегеқызының ұйымдастыруымен Атырау қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Орақбаева Айгерім Тұрғанбайқызы, Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің маманы Дюсенгалиева Ақзияш Қалыбайқызы, Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің психологы Серикпулова Маржан Копбаевна, №5 қалалық емхана директорының орынбасары Хайдаров Ардак Жастилекович мамандарының қатысуымен емхана қызметкерлеріне түсінік жұмысы жүргізілді, сонымен қатар қыметкерлермен тренинг өткізіліп, қызметкерлер тарапына қойылған сауалдарға жауап берілді.