Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні емхана Жастар денсаулығы орталығының психологы Иманкулова Нурхия Шегеқызының ұйымдастыруымен, Отбасын жоспарлау бөлмесінің акушеркасы Нурмухамбетова Дарига және Жастар денсаулық орталығының акушеркасы Сәрсенова Айманмен бірге емханаға келушілерге семинар тренинг өткізді.
1.Емханаға қарасты тұрғындардың емделуі барысында болған келеңсіздіктер кезінде құқықтарын қорғайтын «Пациенттерді қолдау орталығы»;
2.Жасөспірімдер мен жастардың денсаулығын сақтау, алкоголизм, нашақорлық, күйзеліс жағдайы проблемаларын, отбасын жоспарлау, ерте жүктіліктің, жыныс жолдары арқылы жұғатын инфекцияның алдын алу мақсатында ашылған «Айқын» жастар денсаулығы орталығында кешенді медициналық-психологиялық, сонымен қатар әлеуметтік және құқықтық көмек алады;
3.Үйге барып қарау- патронаж қызметі- өзіндік ерекшеліктерге ие. Аталмыш қызмет әйел жүктілігі кезінде және бала туылғаннан кейінгі кезеңде отбасылар және жекелеген адамдармен үнемі байланыста. Бала 5 жасқа жеткенше бақылауда болады. патронаж қызметі көрінбейтінді көрінетін етеді. патронаж қызметі үйге барып қарау арқылы жүзеге асырылатындықтан, отбасындағы қандайда болмасын жағдайды терең білуге мүмкіндігі бар. Мықты тұстарды немесе активтерді анықтау:
*Жекелеген адамдармен жұмыс жасау
*Әдеттегі қиындықтарды еңсеру үшін шаралар қолдану, олардың алдын алу
*Ата-аналармен үнемі байланыста болу, жан-жақты көмек көрсету.