№5 қалалық емханада 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты мерекелік шара өтті. «Елбасымен бірге» тақырыбындағы шара емханадағы медқызметкерлердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен бастау алды.
Кәсіподақ төрағасы Г.Ю. Джуманиезов құттықтау сөздерін айтып, бас дәрігер Күлшара Өтеуқызы ұжымдастарға өз лебізін білдіріп, жаңа табыстар тіледі. Бұл күнде Елбасының Президент болғандығы жөнінде, оны басқа елдегі қандастарымыздың қуана естігендігі туралы, жалпы Н.Ә. Назарбаевтың Еңбек жолы туралы шағын бейнеролик көрсетілді.