Медицина қызметкерлері қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Денсаулық сақтау ісінің үздігі-2022» конкурсында Республика бойынша 1258 дәрігер қатысып, олардың ішінен іріктеуден 159 дәрігер өтті. Республика бойынша сайысқа түскен 159 дәрігердің ішінен «Үздік жас медицина қызметкері» төсбелгісіне емханамыздың жалпы тәжірибелік дәрігері Нұрғазина Алмагүл Мұқанқызы және «Денсаулық сақтау ісінің ұздігі» төсбелгісіне емханамыздың рентгенолог дәрігері Алғазиев Жалғасқали Қайыржанұлы ие болды.
Жалғасқали Қайыржанұлын және Алмагүл Мұқанқызын Республикалық конкурста ерен еңбектеріңіздің арқасында жеткен жетістіктеріңіздің нышаны-төсбелгілеріңізбен шын жүректен құттықтап, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және еңбектеріңіздің жемісін көруді тілейміз. Үлкен еңбектеріңізбен жеткен жетістіктеріңіз емханамыз үшін үлкен мақтаныш!
https://gorpol5-atyrau.kz/kz/2022-02-28-09-50-23/novosti-kz/730-densauly-sa-tau-isini-zdigi-2022-konkursyny-zhe-impazdary.html#sigFreeId6a008f4087