№31 мектеп-гимназиясының 9-шы сынып оқушыларымен мектеп мейірбикесі Мусина Назгүлдің ұйымдастыруымен №5 қалалық емхананың СӨС дәрігері Құспанов Ғ.Х және "Айқын "жастар орталығының психологі Иманкулова Н.Ш "Ертеңіңді ойласаң есірткіге жолама" тақырыбында дәріс оқыды. Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің ,электронды темекінің (вейп) зиянын және улы екенін түсіндірді. Оқушыларды саналыққа, салауатты өмірді таңдауға, тазалыққа, лас істерден аулақ болуға шақырды. Оқушылар белсене қатысып, қойған сұрақтарына жауап алды.
https://gorpol5-atyrau.kz/kz/2022-02-28-09-50-23/novosti-kz/789-erte-i-di-ojlasa-esirtkige-zholama.html#sigFreeId32106904a6