7 наурыз күні №5 Атырау қалалық емханасының ер азаматтары, емханамыздың нәзік жандыларын шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мерекеге орай жалпы тәжірибелік дәрігер Айнұр Бекболатқызы, көз дәрігері Айжан Саджанқызы, сылау бөлмесі мейірбикесі Сатыбаева Роза, учакелік фельдшер Жанаева Раушан және Алиева Айнұр Облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатымен, сонымен қатар Дина Жеңісқызы, Шолпан Әкімқызы, Дүйсенбаева Әлия, Иманқұлова Нұрхия, Фазылова Гүлбибі, Сайфеденова Гүлсім, Курина Елена, Сұлтангереева Ардақ, Иманова Зәуре және Абилова Мейрамгүл емхана әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталды. Аталған қызметкерлерді марапаттарымен құттықтай отыра, жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілейміз.