«Аурудың емін іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген сөзді естіп жатамыз. Расында да, бұл солай! 

Көптеген жылдар бойы вакциналау немесе, қарапайым сөзбен айтқанда - екпе - бұл мәселеде өзінің тиімділігін көрсетті. 

Уақытында екпе алмаса адам денсаулығына қауіп төндіретін гепатит, полиомиелит, туберкулез, дифтерия, сіреспе сияқты ауыр жұқпалы аурулар көп. 

Біздің елімізде балаларға барлық міндетті егулер тегін жүргізіледі, олардың саны 11. 

Алгоритмде вакциналардың атаулары мен екпе алатын жасы көрсетілген. 

Шетте қалмаңыз, егудің маңыздылығын түсініңіз және постты сақтаңыз