Жыл сайын мамыр айының 12-ші жұлдызында Халықаралық мейірбикелер күні атап өтіледі. Жұрт бұл күні ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетіп, еселі еңбектеріне алғыс білдіріп жатады. Өйткені, олардың денсаулық сақтау саласында халық денсаулығын жақсарту жолындағы еңбегі ұшан теңіз. Әсіресе, осы саланың барлық сатысында мейірбикелер еңбегі айрықша көрініп тұрады. 

Осы мерекеге орай емхана әкімшілігі және кәсіподақ атынан емхана мейірбикелерін құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

Барлық мейірбике қауымын төл мерекелерімен құттықтап, шыдамдылық пен сабырлылық тілейміз. Денсаулықтары мықты болып, халыққа адал қызмет етіп,  алар алғыстарыңыз еселене түссін деген тілек білдіреміз!