Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық- әдістемелік басшылығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы  725 қаулысымен бекітілген "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттык жобасын тиімді іске асыру шеңберінде 2023 жылғы 15-21 мамыр аралығында республика өңірлерінде Тұз туралы хабардар болу апталығы өткізілген болатын. Осы апталықта емханамыздың ЖДО мамандары және СӨСҚ мамандары емханаға қарасты мектептердің асхана қызметкерлері мен жасөспірімдеріне тұзды тұтынудың тәуліктік мөлшері, тұзды көп тұтынғаннан пайда болатын аурулар жөнінде түсінідіріп, жиын соңында ЖДО психологы тренинг өткізді.