26 шілде күні емханамызда медициналық қызметкерлер арасында МӘМС (ОСМС) жүйесі бойынша біліктілікті тексеру үшін МӘМС жүйесіне жауапты мамандар Орынбасарова Айзада және Боярова Ақмаралмен шағын сұрақ - жауап өткізілді. Сондай-ақ мамандар ретінде, тұрғындардан жиі қойылатын сұрақтың жауабы айтылды.
Мемлекет есебінен сақтандырылған жеңілдікті санатқа келесі азаматтар кіреді:
• 18 жасқа дейінгі балалар;
• жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
• бала үш жасқа толғанға дейін оны тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
• жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ баланы үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдар;
• «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар;
• мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар;
• бала кезінен мүгедектерге күтім жасаушылар;
• мүгедектер;
• зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері;
• орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алатын адамдар;
• жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
• жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
• жұмыс істемейтін оралмандар;
• қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;
• тергеу изоляторларындағы адамдар.