Емханаларға тіркелу науқаны
- Подробности
2023 жылдың Қыркүйек айының 15-нен бастап Қараша айының 15-і аралығында елімізде емханаларға тіркелу науқаны басталады. Еліміздің әрбір азаматы екі ай ішінде, яғни 15-ші қарашаға дейін таңдау еркі бойынша медициналық ұйымдарға тіркелу мүмкіндігіне ие.
Тіркелу науқаны кезінде медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркелген азаматтар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды.