Емханаға қарасты N2 орта мектебі, N41 мектеп гимназиясы және Береке орта мектептерінде оқитын екпе алмаған оқушылардың ата аналарымен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында ана мен бала денсаулығы жөніндегі директордың орынбасары, СӨСҚ дәрігері, дәрігер эпидемиолог және жалпы тәжірибелік дәрігерлер ата аналарға бүгінгі күнде өршіп тұрған Қызылша ауруы туралы түсінік жүргізіп және екпенің тиімділігі туралы сөз қозғады. Кездесуге келген ата аналар бірқатар сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды, сонымен қатар кездесу соңында екпе алуға келісімін берген ата аналарда болды. Бұл жүргізілген түсінік жұмысының нәтижесі деп білеміз
https://gorpol5-atyrau.kz/kz/2022-02-28-09-50-23/novosti-kz/881-yzylsha-auruy-turaly-t-sinik-zh-mystary-zh-rgizildi.html#sigFreeIdd7a5530e1f