Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде «№5 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК комплаенс қызметімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл бағытында ақпараттық - түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасынан 22.07.2024 жылы келіп түскен ақпараттық хат таныстырылды.

Одан бөлек, емхана қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерінің орын алуын болдырмау және олардың алдын алу, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кодексінде көзделген жауапкершіліктер мен белгіленген жазалар бойынша заң тұрғысынан түсіндірме берілді.