Тіркеу немесе қайта бекіту кезінде аумақтық қол жетімділік маңызды рөл атқарады. Яғни, қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер сізге көмек көрсетіп, үйде бақылап отыруы үшін тұрақты тұратын жеріңізде орналасқан емхананы таңдау қажет. 

Науқан кезеңінде МСАК ұйымына бекітіле отырып, Сіз онда медициналық көмекті 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қана ала бастайсыз. Яғни, 31 желтоқсанға дейін Сізге бұрын тіркелген емханада қызмет көрсету жалғастырылады.