2024 жылдың 28 қарашасында №5 Атырау қалалық емханасының қызметкерлерінің арасында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Отырыс барысында емхана директоры Н.Көпжанов: «Senim» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Атырау облыстық филиалының 19.11.2024 - ғы №138 хатына орай, медицина мамандарының біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерінің қолданылу мерзіміне қатысты 2023 - 2025 жылдарға арналған Салалық келісімнің талаптарын түсіндірді.

Комплаенс - офицер К.Кистаубаев: № 075/у нысаны бойынша медициналық анықтамаларды, еңбекке уақытша жарамсыздық парақшаларын, дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындыларын, екпе анықтамаларын негізсіз беру жағдайларына жол бермеу қажеттілігіне, осы орайда, емхананың ішкі құжат айналымындағы барлық мөрлер мен мөртаңбаларға түгендеу жұмыстарын ұйымдастырып, жауапты тұлғаларды бекітуді ұсынды.

Одан бөлек, емхана қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерінің орын алуын болдырмау және олардың алдын алуғашақырды.