Қоғамның өзекті мәселесі болып табылатын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында 2025 жылдың 24 шілдесі күні «№5 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК-нің Алмалы селолық округіне қарасты Береке ауылында орналасқан филиалында емхана заңгері, кадр маманы және кәсіподақ өкілінің қатысуымен профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Кездесу барысында филиал қызметкерлеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың негізгі қағидаттары, мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі жөнінде заң тұрғысынан құқықтық ақпарат берілді.
Одан бөлек, әрбір медицина қызметкерінің сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерін болдырмау, олардың алдын алу және өздеріне жүктелген функционалдық міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарауы, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы мен ұжымда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға тиіс екендігі атап өтілді.
https://gorpol5-atyrau.kz/kz/2022-02-28-09-50-23/novosti-kz/966-zhem-orly-a-zhol-zho.html#sigFreeIdcd094748bb