Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» модулінің функциясын күшейтуге қатысты тапсырмасына негізінде денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларына және білім беруді дамытудағы бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды жетілдіру және қаржылық бұзушылықтың алдын алу аясында «Онлайн бюджеттік мониторинг» ақпараттық жүйесімен жұмыс жүргізілуде. Бұл жүйе шынайы уақыт режимінде заңсыз шығындарды жедел анықтап, оны болдырмауға септігін тигізеді және осы арқылы қаржылық ашықтық қамтамасыз етіліп, тәртіп деңгейі артады.
Бұл мониторингтің тиімділігі мемлекеттік аудит объектілерінде ұшқыр, электронды түрде қаржылық бақылаудың ден қою хаттарын жолдау арқылы жедел шаралар қабылдауға, бюджет қаражатының негізсіз пайдалануға, жымқыру фактілерінің алдын алуға мүмкіндіктер береді.
Бүгінде тәуекелдерге негізделген бақылау жүйесі арқылы бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Олардың қатарында есептеулерді негізсіз жүргізіп, артық қаражат аудару, 1С бағдарламасы арқылы қате төлемдер жасау, бірнеше тұлға атынан бірдей карт-шоттарға қаражат аудару, жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН) қате енгізу арқылы бюджетке зиян келтіру жағдайлары бар.
Бұл деректер бюджет қаражатын бақылауда ұстаудың маңыздылығын айқын көрсетеді. «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі нақты әрі нәтижелі жұмыс құралына айналып отыр. Департамент бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты бақылап, заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізуді жалғастырады.
Мемлекеттік қаржының әрбір теңгесі ел игілігіне жұмсалуы тиіс. Сондықтан да цифрлық бақылау тетіктерін жетілдіру арқылы ашықтық пен әділеттілікке қол жеткізу – басты мақсаттардың бірі болып қала бермек.
Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті