2025 жылдың 17 қазаны күні №5 қалалық емхана ұжымында ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, «Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңының нормаларына түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды.

Отырыс барысында медицина қызметкеріне қойылатын талаптар, оның ішінде медицина маманының өз қызметінде, пациенттермен және әріптестермен қарым-қатынас кезінде сақтауы тиіс жалпы қағидаттар, мінез-құлық ережелері мен сыбайлас жемқорлық заңнамасы бойынша құқықтық-ақпараттық сипаттағы мағлұмат берілді.