СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС - ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
2026 жылдың 4 ақпаны күні «№5 Атырау қалалық емханасы» ШЖҚ КМК, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік деңгейін қалыптастыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Емхана директоры Н.Көпжанов: жемқорлықты жою – тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі шарттардың бірі екендігін, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы пікір мен құқықтық сананы қалыптастыру еліміздегі жемқорлық - деген әлеуметтік мәселені жоятынына сенімді екендігіне тоқталды.
Отырыс барысында ұжым қызметкерлеріне емхананың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты» мен «Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің Ар-намысы кодексінің» талаптары бойынша заң тұрғысынан мағлұмат берілді.
Нәтижесінде әр медицина қызметкерінің, өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы және ұжымда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға атсалысуы ерекше аталып өтті.



























