Трансплантация — бұл бір адамның ағзасындағы сау мүшені немесе тінді басқа адамға көшіру арқылы оның өмірін сақтап қалуға бағытталған заманауи медициналық әдіс. Бұл әдіс бүйрек, бауыр, жүрек сияқты маңызды мүшелер жұмыс істемей қалған жағдайда қолданылады.

5-поликлиника дәрігерлері трансплантацияның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Ағза донорлығы — көптеген науқастарға жаңа өмір сыйлайтын үлкен мүмкіндік. Дәрігерлер халыққа салауатты өмір салтын ұстану, аурулардың алдын алу және дер кезінде тексеруден өту арқылы ағза саулығын сақтаудың маңызын атап өтеді.

Поликлиникада трансплантацияға дейінгі және кейінгі кезеңдер бойынша кеңес беріліп, пациенттерге қажетті медициналық және психологиялық қолдау көрсетіледі.

Біздің мақсатымыз — әрбір адамның өмір сапасын жақсарту және денсаулығын қорғау.