«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес, «№5 Атырау қалалық емханасы»  ШЖҚ КМК қызметінде келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне;

2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне.

Талдаумен қамтылатын кезең: 1 шілде 2025 жыл мен 31 наурыз 2026 жыл аралығы.

Өтетін уақыты: 16 - 27 сәуір 2026 жыл. 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жөнінде ұсыныстар болған жағдайда +7 (702) 811 1979 байланыс нөміріне хабарласа аласыз.