ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА ШЕТЕЛДЕ ЕМДЕЛУ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨЛЕМІМЕН КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН 

Пациенттерді бюджет қаражаты есебінен, яғни ТМККК пакетінде шетелге емделуге жіберу бағдарламасы Қазақстанда 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. 

Осылайша, қазақстандық пациенттер елде жеткілікті дамымаған немесе мүлдем жүргізілмейтін жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қол жеткізе алады.

Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан өтінімдер түсетін Шетелде емдеуді ұйымдастыру жөніндегі комиссияның жұмыс органы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының базасында жұмыс істейді.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Пациенттің құжаттарының толық пакетін алғаннан кейін, оған жеке куәліктің көшірмесінен басқа медициналық ұйымның өзінің қорытындысы және пациенттің сырқатнамасынан үзінді-көшірмесі қоса беріледі, Жұмыс органы емдеу бағдарламасын және шығыстарды калькуляциялауды алу үшін бейінді шетелдік клиникаларға сұрау салулар жібереді.

Жиналған ұсыныстар 20 жұмыс күні ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Сараптама комиссиясының қарауына жіберіледі, ол қандай да бір клиниканы таңдау туралы шешім қабылдайды.

Квота барлық қажетті қызметтерді, сондай-ақ пациенттің және оның алып жүрушілерінің көлік шығындарын жабады. 

Бұл ретте бюджет қаражаты есебінен төмендегі жағдайлар бойынша ақы төленбейді:

клиникадан тыс жерде тұру;

тиісті донорлық органның күту кезеңі;

емдеу бағдарламасына жатпайтын қосымша медициналық қызметтер және т. б.

Өз бастамасы бойынша елден тыс жерлерге емделуге кеткен азаматтарға жұмсалған қаражаттары өтелмейді.

Мемлекет есебінен шетелде қандай аурулармен емделуге болатындығы туралы ақпаратты біздің инфографикадан таба аласыз. Карусельді айналдырыңыз.

Қандай жағдайларда мемлекет есебінен шетелге емделуге жіберуден бас тартылуы мүмкін?

егер қажетті рәсімді/манипуляцияны Қазақстанда өтуге болатын болса;

егер науқас ауыр жағдайда болса және медициналық араласу оң нәтиже бермесе;

егер науқастың жағдайы тасымалдауға жарамаса;

егер науқаста тиімді емдеу әдістері жоқ ауру болса.

Шетелде емделу туралы толық ақпаратты fms.kz "Пациент үшін" бөлімінде.