Достар, сіздер бұл сұрақты түсініктемелерде жиі көтересіздер және біз сіздерге толық жауап бергіміз келеді.
МӘМС жүйесі пациенттердің мүмкіндіктері мен құқықтарын айтарлықтай кеңейтеді.
Егер бұрын белгілі бір медициналық ұйымда тегін тексеруден өту мүмкін болса, сәйкесінше, тексеруден өту үшін өз кезегіңізді ұзақ уақыт күтуге тура келетін.
Бүгін учаскелік дәрігерден жолдама болған жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының кез келген өнім берушісіне, оның ішінде жеке дәрігерге жүгінуге және Қор қаражаты есебінен қызмет алуға болады.
БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Егер медициналық ұйым қажетті медициналық қызметті көрсетпесе және ол бойынша бірлесіп атқару шарты болмаса, не пациенттің өзі тексерілу немесе емделу үшін, оның ішінде басқа қалада емделу үшін өнім берушілер қатарынан басқа емхананы таңдағысы келсе, ол бұл туралы учаскелік дәрігерге алдын ала хабарлап және өнім берушіде жазбаның бар-жоғын нақтылап, мұны жасауға құқылы.
Бұл жағдайда тіркелген жердегі емхананың дәрігері осы медициналық ұйымға жолдама беруі керек. Жолдама бірлесіп орындау шартын жасасу үшін негіз болады.
ӨНІМ БЕРУШІЛЕРДІҢ ТІЗІМІН ҚАЙДАН ТАБУҒА БОЛАДЫ?
Қордың fms.kz сайтында сіз үнемі жаңартылып отыратын өнім берушілердің екі тізімін таба аласыз.
Бірінші - «Медициналық қызметтерді сатып алу» бөлімінде - «КДҚ өнім берушілері». Мұнда жеке тізімдермен СМС бойынша қызмет көрсететін медициналық ұйымдар көрсетілген.
КТ және МРТ (учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша)
ПТР-тестілеу (биоматериал бірлесіп орындау шарты бойынша емханадан жіберіледі)
Стоматологиялық қызметтер (азаматтардың жекелеген санаттары үшін. Учаскелік дәрігерден жолдама талап етілмейді)
Екінші - «Пациент үшін» бөлімінде – «Клиниканы таңдау».
Мұнда өнім берушілердің бірыңғай тізімінде сіз өзіңіздің аймағыңызды немесе тұратын жеріңізді, содан кейін сізге қажет қызметті таңдауыңыз керек. Бұл келесілер болуы мүмкін:
Консультациялық-диагностикалық көмек немесе амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек
Стационарлық (тәулік бойы жұмыс істейтін стационар) немесе стационарды алмастыратын жағдайдағы мамандандырылған медициналық көмек (күндізгі стационар)
Жағары технологиялық медициналық көмек
Оңалту көмегі
Паллиативті көмек
Бағдарламалық диализ
https://gorpol5-atyrau.kz/kz/patsientter-shin/78412/605-m-ms-ti-basty-arty-shyly-y-ta-dau-y-y.html#sigFreeId9dc8282e1c