Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі біздің аудиторияның көптеген өтініштеріне сәйкес біз ковидтен кейінгі оңалту бойынша өнім берушілерді іздеуді жеңілдеттік. Енді олар біздің веб-сайтта бөлек тізіммен орналасқан. 

Сізге үш қарапайым қадам жасау жеткілікті:

fms.kz сайтына кіру

«Пациент үшін» - «Емхананы таңдау» бөліміне кіру

«2022 жылға арналған COVID -19 коронавирустық инфекциясына шалдыққаннан кейін медициналық оңалту көрсететін өнім берушілердің тізбесі» файлын жүктеу

Бүгінгі таңда Қазақстанда МӘМС бойынша оңалту көмегін 239 медициналық ұйым көрсетуде. 

МӘМС бойынша медициналық ұйымды таңдау құқығын пайдалану туралы біздің алдыңғы постымыздан оқыңыз