Дұрыс тамақтану кезінде көптеген тағамнан бас тартуға тура келеді. Бірақ күмәнданбаңыз, адам азғасы аталған тағамдарсыз-ақ өз қалыпын сақтай алады.
Адам сенгісіз нәтижесі туралы уәде беріп, ең соңында денсаулықты құртатын диеталардан «Дұрыс тамақтану жүйесінің» айырмашылығы қандай?
Кез келген диета − бұл тамақтану рационынан адам ағзасына өте қажетті тағамдарды түгелдей немесе біртіндеп алып тастау ғана емес. Ерте ме, кеш пе, әйтеуір, диетаның зардабын тартатын күн туады. Ал диета аяқталып, адам күнделікті тамақтану режиміне оралған кезде, онымен бірге артық салмақтар да қайта оралады. Дұрыс тамақтану − бұл диета емес, салауатты өмір салты.
Диета − өте қиын нәрсе. Мейлі белгілі бір уақытқа болса да, диета сақтаған кезде көптеген тағамды жеуге рұқсат етілмейді. Ал дұрыс тамақтану жүйесіндегі қағидаларды ұстансаңыз, сіз тек газды тәтті сусын, фастфуд және жартылай фабрикаттарды жеуден бас тартасыз.
Арықтау үшін дұрыс тамақтану
Бір стакан ыстық су − таңертегісін қабылдайтын ең бірінші ас болмақ. Мейілінше таза ыстық су ішуге тырысыңыз, себебі ыстық су асқазанды ас қалдықтарынан тазартып, ағзадағы барлық жүйені бірқалыпқа келтіреді. Тек қана су ішпей, стаканға лимон шырыны мен бір қасық балды, зімбір шырын мен ұсақталған корицаны қосып жіберсеңіз де болады. Бұл қоспалар ағзадағы зат алмасуды жақсартады. Таңғы асты 15-30 минуттан соң ішу керек.Күні бойы су ішуді қолға алыңыз. Егер рұқсат етілсе, бір күнді 2 литр таза су ішкен жөн. Әр сағат сайын бір стакан су ішуге ден қойыңыз. Сонда сіз ісінудің азайғанын, алқынудың жоғалғанын, ал тамаққа тәбет ашылғанын
Бала бақшадағы секілді күніне 4-5 рет шағын мөлшерде тамақтануды үйреніңіз. Ас қабылдау арасындағы ұзақ уақыт ас мөлшері көбейіп, тамақты артығымен жегізіп, адам аранын ашып жібереді.
Жатар алдында көп тамақ жемеңіз. Сағат кешкі 18:00-ден соң тамақ ішпеу керек деген қағиданы ұстанып, қарныңыз ашып қалмасын. Ең соңғы ас қабылдау жатардан үш сағат бұрын болуы керек. Егер сіз түн ортасында ұйықтайтын болсаңыз, кешкі асты 21-00-де қабылдаңыз.