Жаңалықтар

Атырау қалалық №5 емханасында 1 қазан – қарттар күніне орай 4-5 қазан күндері «Қарттарым-асыл қазынам» атты акция өткізілді. 4.10.2017ж. күні Акция аясында емхана бойынша қаралатын 7 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, 12 тыл ардагерлеріне мекен-жайлары бойынша үйлеріне барып медициналық көмек көрсетілді, нақты айтқанда: қандағы қант,холестерин мөлшерін анықтау, ЭКГ, қан қысымын өлшеу және бейінді мамандардың көмегі көрсетілді.

22.09.2017ж. күні емхана емделушілеріне сыбайлас жемқорлықытың алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша акция ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, брошюра таратылды.

21.09.2017ж. күні "Атырау қалалық №5" емханасында "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында Атырау облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактика басқармасының басшысы Қаражанов Ж.Ж. қатысуымен семинар өткізілді.

04.09.2017ж. күні В.Куйбышев атындағы №2 орта мектепте "Біздің денсаулығымыз өз қолымызда" тақырыбында "Денсаулық фестивалі - 2017" шарасы өтті. Шара аясында мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын ұстану жөнінде кеңестер айтылып, жаттығу жасап, брошюралар таратылды.

Емханада 12 мамыр күні Дүниежүзілік медбикелер күні аталып өтті. Құттықтау сөзді бастаған бас дәрігер – Күлшара Өтеуқызы емхана медбикелердің жұмысын аса жауапты екенін ескере отыра оларға қажымас қайрат тілеп, медбикелердің денсаулық сақтау  саласындағы орны ерекше екенін атап өтті.