Жаңалықтар

1 желтоқсан  күні “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында ҚР Тұңғыш Президенті күніне  орай № 31 мектепте № 5 қалалық емхананың қызметкерлері арасында ұжымаралық  ашық турнир ұйымдастырылды. Турнир барысында қатысушы командалар өзара воллейбол, футбол,арқан тартыс,секіртпемен  секіру сайыстарында бақ сынасты. Турнирдың басты мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау.

2018ж 6 қараша күні "Атырау-Ақпарат" баспасөз орталығында "Біздің сүйікті дəрігер - 2018" байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға біздің емханамыздан  қатысқан дəрігеріміз Көпжанов Нұрбақыт Өтегенұлы алғыс хатпен марапатталды.Жұмысыңызға сəттілік тілейміз!Баршаңызға қолдап, дауыс бергендеріңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз!

1 қараша күні "ҚЫС-2018" Республикалық командалық штабтық  оқу-жаттығу жиыны өткізілді. Оған ДСБ 5 дəрігерлік-медбикелік  бригадасы қатысты.

 

Біздің директорымыз Жұмағалиева  Гүлшара Өтеуқызы "Алматыдан денсаулық сақтау қызметтері жəне тұрақты даму мақсатымен жаһандық қамтуға" атты алғашқы медико-санитарлық көмек бойынша жаһандық конференцияда.

2018 жылдың 23-24 қазан күндері Алматыда "Алғашқы медико-санитарлық көмек деңгейіндегі саяси,ғылыми - зерттеу,білім мен практикалық дағдылардың тоғысуы" атты ғылыми конференция өтті.