Жаңалықтар

2019 ж 9 ақпан күні  Денсаулық сақтау вице-министрі Цой А.В Атырау облысындағы ресми сапарымен АО ДСБ басшысы М.Қ.Аймурзиева мен емхана директоры Жұмағалиева К.Ө қатысуымен  Атырау қалалық #5 емханасында болды.

2019 ж 7 ақпан күні #5 Атырау қалалық емханасында 2019ж  I тоқсанында өткізілуі тиіс семинар жоспарына сəйкес оба жəне тырысқақ жұқпалы ауруларына қарсы іс-əрекет пен алдын алу  жөнінде семинар өтті.Семинарда ЖТД Ертлеуова А.А мен Отаржанова А.Б аталған жұқпалы аурулардың эпидемиологиясы, клиникасы,диагностикасы жəне алдын алу жолдары туралы түсінік берді. Семинарға Атырау облыстық обаға қарсы күрес станциясының эпидемиологы Амиржанов Е.А қатысты.

2019 ж 1 ақпан күні Ы.Алтынсарин атындағы #11 орта мектепте жасөспірім қыздар арасында "Ерте жүктіліктің алдын алу " тақыбында семинар-тренинг өткізілді.Тренингті емхана  акушері Камешова О.,емхана психологы Молдабекова Л.,инспектор Мажитова А. жəне мектеп медбикесі Калдыманова Г.  жүргізді.Тренинг барысында мамандар  оқушыларға ерте жүктіліктің салдары,жыныстық жолмен таралатын жұқпалы аурулар жайлы мəлімет беріп,түсініктеме жұмысын жүргізді.

2019 ж 30 қаңтар күні "Baizaar" ойын-сауық орталығында № 5 Атырау қалалық емханасы қызметкерлерінің қатысуымен акция өткізілді.

2019ж 25 қаңтар күні құрамында алдын алу бөлімі меңгерушісі А.Б Кисметова, КДБ бөлім меңгерушісі Сүйеуов Б.Н, дəрігер -эпидемиолог Даулетова Ж.С жəне жалпы тəжірибе дəрігері Томашева М.С  жұмысшы тобы  бар Атырау қалалық #5 емхана қызметкерлері #11 орта мектептің жалпы ата-аналар жиналысына қатысты. Жиналыста ЖТД Томашева М.С  ата-аналарға қызылша инфекциясы туралы,дəрігер -эпидемиолог Даулетова Ж.С  ұлттық егілу күнтізбесі  жəне қызылша ауруына қарсы жасалатын ҚҚП комбинирленген вакцинасы жайлы толық мəлімет беріп, сұрақтарға жауап берді. Ата-аналарға қызылша инфекциясы жайлы мəлімет жазылған брошюралар мен ата-аналарға арналған жадынамалар таратылды.