Жаңалықтар

2019 ж 7 сəуір күні  Қайырғали Смағұлов атындағы алаңда  Дүниежүзілік денсаулық күніне орай "Дені сау болу - бұл сəнді" атты кең көлемді акция өткізілді. Акцияға қатысушы мекемелерден келген қатысушылар гір тасын көтеруден, көпшілік жүгіріс, арқан тартысудан жарысты.

2019 ж 5 сәуір күні Нұрсая дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған "Senim" медицина қызметкерлерінің салалық кəсіподақ  ұйымының ат салысуымен  Батыс өңірлік денсаулық сақтау саласы  қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир өтті.

2019 жылдың 5 сәуір күні  Атырау қалалық №5 емхана қызметкерлері Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Денсаулық  баршаға» ұранымен республикалық таңғы жаттығуға қатысты.

2019 ж 30 наурыз күні Атырау қалалық #5 емханасында тоқ ішектің қатерлі ісік ауруын анықтауға арналған ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде келушілер хирург, психолог, əйелдерді жəне ерлерді қарау бөлмесі мамандарынан кеңес алып,лабораториялық зерттеулерден өтті.

№5 емханасында Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мейрамын атап өту мақсатында "Армысың,Əз-Наурыз " атты мерекелік шара өтті. Іс-шара барысында емхана директоры Жұмағалиева К.Ө құттықтау сөзін сөйледі. Мерекелік шараға емхананың "ардагер дəрігерлері" мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері арнайы шақыртылып,шараның қадірлі қонағы болды.Іс-шараға арнайы киіз үй құрылып, мерекелік дастархан жайылды.Емхана қызметкерлері концерттік бағдарлама ұйымдастырып,ұлттық билер билеп, салт-дəстүрлерді дəріптеу мақсатында тұсау кесу,бесікке салу жоралғылары орындалды.