Жаңалықтар

2019ж 4 қаңтар  күні 5 Атырау қалалық емханасында облыстағы орын алған эпидемиялық жағдайға байланысты медицина қызметкерлері арасында  қызылша,ЖРВИ, АЖРИ инфекциялары туралы семинар өтті. Семинарда жалпы тəжірибе дəрігерлері Отаржанова А.Б мен Қайыржанова Э.А 
қызылша,ЖРВИ жəне АЖРИ (ауыр жедел респираторлы инфекция) этиологиясы,таралу жолдары,клиникасы, диагностикасы,емі жəне алдын алуы туралы толық мəлімет берді

2017 жылғы 29 желтоқсандағы   "Қазақстан Республикасында педиатриялық көмек  көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" ҚР ДСМ  №1027 бұйрығына сəйкес Атырау қалалық №5 емханасында 2019ж 4 қаңтар күні жалпы тəжірибе дəрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлерінің қатысуымен  "Патронажды қызметтің əмбебап-прогрессивті моделі" тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

2018ж  15 желтоқсан күні тəуелсіздік күніне орай Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің спорт залында "Senim" медицина қызметкерлерінің салалық кəсіподақ ұйымының ат салысуымен медицина қызметкерлерінің арасында волейболдан турнир өтті . 

Тəуелсіздік күні мерекесіне  орай Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы денсаулық сақтау саласының үздіктерін марапаттады. #5 емхананың учаскелік медбикесі Т.А.Авдеева  денсаулық сақтау ісіне қосқан  жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін денсаулық сақтау  министрінің атынан алғыс хатпен марапатталды.

Атырау қалалық №5 емханасында Қазақстан Республикасының тəуелсіздік күніне орай мерекелік іс-шара  өтті.